"Қайсардың" бірқатар футболшылары ерекше номинация иегерлері атанды. Оны команда жанкүйерлері анықтады.
Жанкүйерлер шешімімен жас шабуылшы Елжас Алтынбеков команданың ең момын футболшысы деп танылды. Ал "Қайсардың" 37 жастағы қақпашысы Кирилл Прядкин байсалды ойынш болса, жартылай қораушы Илья Калинин ең тәртіпті болып табылды. "Қайсардың" ең көңілді футболшысы болып молдовалық Валентин Фурдуй санылды.