Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Конституцияның басты құндылығы – адам және оның құқықтары

Конституция – мемлекеттің құқықтық негізі ғана емес, ең алдымен, әрбір адамның құқықтары мен бостандықтарының басты кепілі.

Құқықтық мемлекеттің басты мақсаты – азаматтардың қауіпсіз, еркін әрі лайықты өмір сүруіне жағдай жасау. Ол үшін әр адамның заң алдындағы теңдігі, ар-ождан бостандығы, пікір білдіру құқығы, жеке өміріне қол сұқпаушылығы және сот арқылы қорғалу мүмкіндігі нақты қамтамасыз етілуі тиіс.
Адам құқықтарын Конституцияда бекіту жеткіліксіз. Ең маңыздысы – олардың күнделікті өмірде сақталуы мен қорғалуы. Бұл бағытта мемлекеттік органдардың жауапкершілігі, сот төрелігінің қолжетімділігі және құқықтық көмектің сапасы ерекше маңызға ие.
Конституцияның шынайы күші – оның әрбір азаматтың өмірінен көрініс табуында. Адам өз құқығының қорғалатынына сенгенде ғана мемлекет пен қоғам арасындағы сенім нығаяды.
Әділетті қоғамның негізі – адам құқығын құрметтеу!

Мұхамедияр Бөрібайұлы
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [✔] *: