Қуыршаққа үйленген жігіт «жұбайының» қайғылы жағдайға тап болғанын айтты
Марго есімді қуыршаққа үйленген бодибилдер Юрий Толочко отбасылық өмірі туралы айтып берді, – деп жазады Daily Star. Бұл жөнінде aikyn.kz хабарлады.
Айтуынша, оның «жұбайы» сынып қалған. Енді оны басқа қалада жөндейді.
Әзірге оның қашан жөнделіп бітетіні белгісіз. Жаңа жылды ер адам жалғыз қарсы алуы мүмкін.
«Оның қайтып оралуы екеуімізге де сый болады», – дейді ол.
Бодибилдер тойдан кейін «сүйіктісіне» Instagram-ды қолдануға тыйым салған.
«Мен оны қызғанатын болдым, өйткені көп ер адам оған пікір жазады. Мен өте өзімшіл шығармын, алайда Маргоның ғажабы да осында. Менің бұлай істегеніме ол ренжімейді», – дейді Юрий Толочко.
Ер адам Рождество мерекесін «сүйіктісі» мен достарының қасында қарсы алуды жоспарлап отыр.