Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Аралда үйлерге газ құбыры кіргізіле бастады

Аралда үйлерге газ құбыры кіргізіле бастадыАрал ауданында газдандыру жұмысының қарқыны көңіл қуантады. Игі істі жүйелі түрде жүргізген "ҚазТрансГазАймақ" АҚ жұмысшылары қала көшелеріне газ құбырын жүргізіп,өздеріне жүктелген міндетті уақытылы әрі сапалы орындауға ден қойған. 
Қауіпсіздік жағын да басты назарда ұстаған жұмысшылар жобаны межеленген уақытта аяқтауға тырысуда. Бүгінде аудан орталығындағы бірнеше үйлер де газ құбырын кіргізуді бастады. Олар облыс басшылығына ризашылықтарын айтып, от жағып, күл шығармайтындарына қуаныштарын білдіруде. Тұрғындардың қуанышымен бөліскен облыс әкімінің орынбасары газ құбырын тарту мекемесіне жыл соңына дейін Арал қаласын толығымен көгілдір отынға қосуларын міндеттеді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: