Қызылордаа 20162 адам «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатыспақ
Қызылорда облысында 20162 адам «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатыспақ. Олардың 12 265 жұмыссыздар, 4 254 адам өз бетінше жұмыспен қамтылғандар, 3 389 адам жұмыс іздеушілер.
Атап айтқанда, бағдарламаның бірінші бағыты «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету» бойынша 1500 адамды қысқа мерзімді оқытуға жолдау жоспарланған, қазіргі таңда 91 азамат оқытуға жіберілді.
Екінші бағыт – «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» аясында «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға 2364 адам жолданды. Олардың 1199 оқуды аяқтап, 460 грант алды.
Одан бөлек, ауылдағы және қалалардағы кәсіпкерлік бастамаларды қолдау аясында – 309 азаматқа шағын несие беріліп, нәтижесінде жаңадан 258 жұмыс орны құрылды. Сондай-ақ, жаңа бизнес–идеяларды іске асыруға 2930 адамға 200 АЕК (583 мың тенге) мөлшерінде мемлекеттік грант беру қарастырылған, қазіргі таңда 1938 адамға грант берілді.
Үшінші бағыт - Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу арқылы еңбек нарығын дамыту және еңбек ресурстарының ұтқырлығы аясында жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 17137 адам қамтылды.
Бос жұмыс орындарына 6433 адам орналасты
Әлеуметтік жұмыс орындарына 803 адам жолданды, бүгінде олардың 139-ы жұмысын сәтті аяқтап, 117-і тұрақты жұмыспен қамтылды.
Жастар тәжірибесіне 1241 адам жіберілді, 186-ы жұмысын аяқтады, олардың 89-ы жұмыспен қамтылды.
Қоғамдық жұмыстарға 8591 адам жолданып, 1657-і жұмысын аяқтады, олардың 388-і жұмыспен қамтылды.
«Ұрпақтар сабақтастығы» жобасына 25 адам, «Алғашқы жұмыс орнына» 44 адам жолданды.