Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Сақшылар қарақшылық қылмыстың ізін суытпай ашты

Сақшылар қарақшылық қылмыстың ізін суытпай аштыҮстіміздегі жылдың 10 желтоқсанында «Самара-Шымкент» М-32 трассасы бойында кезекті рейдтік тексеріс барысында Жол патрульдік полиция қызметкерлері Нексия маркалы авкөлігіне тонау мақсатында жасалған қарақшылық шабуыл қылмысының ізін суытпай бетін ашты. 
ОІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ішкі істер департаментінің Жол патрульдік полиция ротасы және Тасбөгет ішкі істер бөлімі қызметкерлерімен қылмыскерлер құрықталған. Тексеру барысында жоғарыда аталған автокөлік жүргізушісі Өзбекстан Республикасының азаматы екендігі анықталып, осы азаматты бетперде киген, балға және пистолет тектес қару ұстанған белгісіз біреулер мемлекеттік нөмірлік белгісі жоқ Мерседес Бенц маркалы автокөлігімен тоқтатып, ақша талап еткені белгілі болды. 
Автокөлікті қарау барысында айғақтық зат ретінде бетперде, жоғарыда аталған қару түрлері және автокөлікке тиесілі мемлекеттік нөмірлік белгісі алынды. Оқиға орнында күдікті ретінде ұсталған 3 азаматтың 1994 жылы туылған Қызылорда облысы Махамбет ауылының тұрғындары екендігі анықталып, 3-уі де жасаған қылмыстарын толық мойындап отыр. Қазіргі таңда аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Ескерте кетерлік жайт, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес, Қызылорда облыстық ішкі істер департаменті  құқық тәртібі мен жол қозғалысы  қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын кең көлемде жүргізу мен қылмыстың алдын алу, орын алған қылмыстарды ашу, сондай-ақ көшелер мен басқа да қоғамдық орындарда қылмыстарды ескерту және жолын кесу бағытында жұмыс барысы күшейтілген жүйеде жүргізілетін болады. 

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: