Қызылорда облысында батпаққа батқан жүздеген жолаушы құтқарылды
Қызылорда облысында су басқан жол ортасында қалған жолаушылар құтқарылды, деп хабарлайды КТК арнасы. Жалпы саны 18 техника мен 95 адам қауіпсіз жерге жеткізілген.
Жолаушылар Қызылорда-Жезқазған бағытындағы жолда тұрып қалған. Оған жауыннан кейін осы жердің ми батпаққа айналуы себеп. Құтқару қызметінің техникалары көліктерді балшықтан жеке-жеке сүйреп шығарды. Ал адамдар дін аман, барлығы да діттеген жерлеріне жеткізілген. Бұл – Қызылорда-Жезқазған бағытындағы 460 шақырымдық негізгі жолдың бірі. Көлік қатынасы да әжептәуір. Бірақ соған қарамастан ешқашан ол жөндеу көрмеген. Соның кесірінен жаңбырдан кейін үнемі осындай жағдай болады.
Айгүл Нұрман, Қызылода облыстық ТЖД баспасөз қызметінің жетекшісі:
- Оңтүстік өңірлік аэромобильдік қызметі және судан құтқару қызметі осы 250-260 шақырым жолда қалып қойған 28 адам мен 3 көлік, сондай-ақ 67 адамды және 15 автокөлікті балшықтап қалған жерінен аман есен алып шықты.