Facebook VK WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Коронавирус: Қызылордада індеттің алдын алу бағытында сақтық шаралары жүргізілуде 

Қазіргі таңда жалпы республикада, оның ішінде Қызылорда облысында коронавирус COVID-19 тіркелген жоқ. Шет елдерден келген азаматтарды бақылаудан өткізу, індеттің алдын алу мақсатында үлкен сақтық шаралары елдің барлық өңірлерінде жүргізіліп жатыр.
Әлемдегі дамыған елдерде короновирус инфекциясы белең алып, әлеуметтік-экономикалық жағынан зардабын тигізіп отыр. Осы індеттің алдын алу мақсатында, егерде эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз елдерден келген облыс тұрғындары мен қызмет бабымен азаматтар келген жағдайда 14 күнге оқшаулау (аурудың жасырын кезеңі болып есептелетін) мақсатында Қызылорда облыстық балалар мен жасөспірімдерге арналған туберкулезге қарсы санаторияның 100 төсек орын дайындау жұмыстары жүргізілуде.
Ескеретін жағдай: COVID-19 короновирус инфекциясын жұқтырған немесе ауру белгілері бар азаматтар сол елдің аумағынан шығарылмайды.
Ол жердегі балалар талапқа сай жабдықталған "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету балалар орталығы" ғимаратына (құқықтары сақталып) көшірілетін болады. Бұл дайындық жұмыстары ауруды болдырмау, сырттан тасымалданбау мақсатында ұйымдастырылып жатқан шаралардың бірі екендігіне түсінікпен қарауларыңызды сұраймыз.
Осыған орай, тұрғындар арасында жұқпалы ауру туралы нақтыланбаған мәліметтерді таратпауға және бұл бойынша ақпараттарды ресми ақпарат көздерінен ғана алуға шақырамыз!

Қызылорда облысының тауарлар мен
көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: