«Өлі риза болмай, тірі байымас». Бұл қағиданы жете түсінетін Қазалы қаласының тұрғындары осыдан 1 ай бұрын игі істі бастаған болатын.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, қалаға жақын орналасқан «Ноғай» және «7 боздақ» қорымдары қоршауы жаңартылды.
«Жиенәлі ахун» мешітінде қала халқы игілікті шараның аяқталуына байланысты құран бағыштап, ас берді.
Жиналғандар алдында сөз алған аудан әкімі Нажмадин Шамұратов бұл жұмысты жүзеге асырып, өскелең ұрпаққа үлгі боларлық сауапты істі тындырған қала тұрғындарына ризашылығын білдірді.