Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Аралда ғасыр жасаған аналар ардақталды

Арал қаласындағы 105 жастағы Ибайдуллаева Кұлмараш әже мен Қосаман елді мекеніндегі 100 жасқа толғалы отырған абыз ана Тлешова Несен әженің үйіне аудан әкімі Абзал Мұхимов, аудан әкімінің орынбасары Қуаныш Жанұзақов, аудандық мәслихат депутаты Ақыл Сәдуақасова арнайы барып, мерекемен құттықтады.

Ұлы отан соғысы жылдары жолдастары Отан қорғауға аттанып, өздері тылда тер төккен Батыр аналардың еңбегі ерен. Ерлердің орнына трактор айдап, жер жыртып, отын тасып халыққа қызмет көрсеткен кейуаналар соғысты да, ашаршылықты да көрген. Ендігі тілектері елдің тыныштығы, ұлттың амандығы. 
Ғасыр жасаған абзал аналармен аудан басшылығы емен-жарқын сөйлесіп, сый-сияпат жасады. Өздеріне көрсеткен сый-құрметке абыз аналар аудан басшысына ризашылықтарын жеткізіп, "біздің жасымызды берсін бәріңе. Әр жанұяға амандық тілеймін. Бейбіт күнде ғұмыр кешіңдер, қарақтарым ",- деп баталарын берді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: