Қазалыда жол апатынан бір адам қаза тауып, екеуі жарақат алды
Қызылорда облысы Қазалы ауданының орталығы - Әйтеке би кентінде жол апатынан бір адам қаза тауып, екі адам дене жарақатын алды.
Оқиға 4 қыркүйекте аудан орталығы - Әйтеке би кентіндегі С.Мұқанов және Ж.Аймауытов көшелерінің қиылысында болған.
Көше қиылысында екі жеңіл көлік соқтығысып қалған. Жол-көлік оқиғасынан бір адам қаза тауып, екі адам дене жарақатын алды.
«Аталған оқиға ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігімен тіркелді. Бұл бойынша тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы жол-көлік оқиғасының алдын алу бағытында бөлімнің күшейтілген түрде жұмыс атқарып жатыр», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.