Қазалы ауданында 11 жыл бойы үздік оқып, ұлттық бірыңғай тестілеуде білімдерін дәлелдеп шыққан 19 "Алтын белгі” мен 24 "Үздік аттестат" иегерлері марапатталды.
Салтанатты шараға аудан басшысы Нажмадин Шамұратов арнайы қатысты. Түлектерді құттықтаған әкім үлкен өмір жолына бастар қадамдарына сәттілік тілеп, ел үмітін ақтаған оқушыларға төсбелгі мен арнайы сыйлық табыс етті.
Оларға білім берген ұстаздар қауымы Қазалы ауданының Құрмет грамотасымен және аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Сондай-ақ, ұлттық бірыңғай тестілеудің орташа балы бойынша жоғары жетістікке қол жеткізген 3 мектеп директорына Меркі қаласындағы шипажайға, «Алтын белгі» иегерлерінің алғашқы ұстаздарына Астана қаласына саяхат жасауға жолдама табысталды.