Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Облыс әкімінің орынбасары тағайындалды

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша облыс әкімінің өкімімен Нұртай Қайрат Ырзақұлұлы облыс әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.


Қайрат Нұртай 1982 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Қ.И.Сатпаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетін «инженер-механик», Д.А. Қонаев атындағы университетін «заңгер» мамандықтары бойынша бітірген. Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясымен мемлекеттік және муниципалдық басқару магистрі академиялық дәрежесі берілген.
Еңбек жолын 2004 жылы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде мемлекеттік қызметті кадрлық қамтамасыз ету департаментінің жетекші маманы ретінде бастаған. 
2005-2006 жылдары ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігі мұнай өнеркәсібі департаментінің жетекші маманы; 
2006-2014 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің аға, бас сарапшысы, консультанты, сектор меңгерушісі;
2014-2015 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы. 
2015-2018 жылдары Шымкент қаласы әкімінің орынбасары.
2018-2019 жылдары Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.
2021 жылғы шілде айынан бастап осы кезге дейін Қармақшы ауданының әкімі қызметін атқарып келді.


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: