Индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында Қызылорда қаласы бойынша өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасына «BSK Қаратау» ЖШС «Ас тұзын терең өндіру зауыты құрылысы» жобасы енгізілген.
Қуаттылығы бірінші кезекте 100 мың тонна ас тұзы, 200 мың тонна техникалық тұз, екінші кезекте 300 мың тонна ас тұзы және 300 мың тонна техникалық тұз өндіру жоспарлануда. Жоба құны 1,5 млрд. теңге, жаңадан 500 адам жұмыспен қамтылатын болады. Қазіргі таңда кен орнына темір жол тұйығы салынып, электр желілері мен автокөлік жолын салу жұмыстары жүргізілуде. Іске асыру мерзімі 2019-2010 жылдар аралығын қамтиды.