Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, олардың 6-ы қаңғыбастыққа салынғаны үшін жеткізілсе, 172-і түрлі деңгейдегі әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған. ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша 14 ата-анаға және ҚР ӘҚБтК-нің 442-1-бабы бойынша 23.00-ден 06.00-ге дейінгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын тыс жерлерде жүргені үшін 9 заңды өкілдеріне әкімшілік шара көрілді. Аталған бағыттағы жұмыстар өз дәрежесінде сәуір айының 10-на дейін жалғасатын болады.