Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Жас кәсіпкерлерге жаңа мүмкіндіктер таразыға тартылды

Жас кәсіпкерлерге жаңа мүмкіндіктер таразыға тартылды«Нұр Отан» партиясының «Мықты бизнес – Қуатты мемлекет» жобасы аясында аудандық партия филиалының мәжіліс залында «Арал ауданындағы жас кәсіпкерлер үшін жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті. Оны «Нұр Отан» партиясы Арал аудандық филиалы және аудандық «Кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімімен» бірлесе ұйымдастырды.  
Елбасы өз жолдауында шағын және орта бизнесті дамыту –ХХІ ғасырдағы Қазақстанды индустриялық және әлеуметтік жаңғыртудың басты құралы екендігін атап көрсеткен болатын. Қазіргі уақытта елімізде кәсіпкерлік саласын дамытуға аса көңіл бөліп отырғандығы баршаға мәлім. Осы мақсатта «Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы туралы» Заңы негізінде Ұлттық кәсіпкерлер палатасы барлық облыстар мен аудандарда құрылып жұмыс жасауда. Бүгінгі таңда көрсетіліп жатқан мемлекеттік қолдаулар кәсіпкерлер үшін маңызы зор деп үлкен сеніммен айтуға болады. Осы және өзге де кәсіпкерлік бағытында ой өрбіту үшін «Арал аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі» басшысы Н. Ахметовке, «Қызылорда облыстық кәсіпкерлер палатасының Арал аудандық филиалының» директоры К.Еңсеповке, Арал аудандық Жастар ресурстық орталығы КММ –нің аға кеңесшісі С.Әзілхановқа, «Жас Арал өрендері» Жастар қоғамдық бірлестігінің төрайымы М. Маханбетжановаға және жеке кәсіпкерлер Т. Дәрмағанбетовке, И.Жұмашеваларға басқосуда сөз берілді. Олар тақырып төңірегінде өзекті мәселелерді көтеріп, кәсіп ашамын деген жандарға тұшымды жауаптарын беріп, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: