«Қамбала балық» АӨО ЖШС «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында өндіріс көлемін арттыруға мүмкіндік беретін жаңа заманғы қондырғы сатып алу мақсатында «Қазақстан Халық Банкі» АҚ 11 млн. теңге көлемінде несие рәсімдеді.
Бүгінгі таңда Арал теңізі бойында балық өндірісімен айналысатын бірнеше ірі кәсіпорын бар, соның бірі – осы компания. Өндіріс нысаны күніне 150 келіге дейін балық өнімін өндіреді және 35 жергілікті тұрғынды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Өз өнімдерін компания тек Қазақстанда ғана емес, алыс-жақын елдерге де экспорттауда. Атап айтқанда, Ресей, Украина менӘзербайжан және Грузияға жөнелтіліп отыр. Компанияның басқарушы директоры Шүкірбай Абдуалиевтің сөзінше, өндірісті модернизациялау арқылы өнім көлемі де артып, соның нәтижесінде экспорт аясын да кеңейту мүмкіндігі туды.
«Қамбала балық» ЖШС алған несиенің 14% үстемесінің 10% -ы мемлекет тарапынан өтелуде, ал кәсіпорын тек 4% төлеуде.