Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада  екі автобус соқтығысып қалды

Қызылорда қаласында көктайғақ салдарынан жолаушылар тасымалдауға арналған екі автобус соқтығысып қалды.


Оқиға 2 ақпанда сағат 08:00 шамасында Қызылорда қаласының сол жағалау бөлігінде болған.
«Сол аумақта орналасқан «Orda School» мектебінің жанында «Yutong» үлгісіндегі қоғамдық екі автобус соқтығысып қалды. Оқиға салдарынан зардап шеккен 3 жолаушыны дәрігер тексеріп, кейін үйлеріне қайтарған. Олардың жағдайы тұрақты. Жол-көлік оқиғасына байланысты тиісті құжаттар жинақталып, сараптамалар тағайындалды», - деді Қызылорда қалалық полиция басқармасынан.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: