Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ӨНІМ ДЕҢГЕЙІ КӨҢІЛ ҚУАНТАДЫ


Биыл қала бойынша барлығы 7689 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды. Оның ішінде жаздық бидай, арпа, сұлы, жаңа, ескі жоңышқа, картоп, көкөніс, бақша секілді дәнді дақылдар 4109 гектарды құрап отыр.
Яғни, жаздық бидай, арпа, сұлы, жаңа, ескі жоңышқа, картоп, көкөніс, бақша дақылдары. Ал, негізгі дақыл – күріштің көлемі 3743 гектарға егілді.
Биылғы егілген ақ егісті жинауды шілде айының ортасында толық аяқтап, гектар түсімі бойынша жаздық бидайдың әр гектарынан 10, арпадан 7, сұлыдан 1,3 центнерден өнім алынды. Сонымен қатар, көкөніс, бақша және маз азық дақылдары да жиналды. Ал, күріштен 18715 тонна өнім қамбаға құйылды. Орташа өнім гектарына 50 центнерден алынды.
Егін шаруашылығымен қалаға қарасты Қосшыңырау, Қарауылтөбе, Ақсуат және Ақжарма секілді 4 ауылдық округ айналысады. Алдымен Сыр маржанын егумен айналысатын 12 шаруа қожалығы бар Қосшыңырау ауылдық округінен бастасақ, мұнда егілген 1603 гектар күріш дақылының әр гектарынан 51,6 центнерден өнім жиналды.
Қарауылтөбе ауылында 720 гектар күріш дақылының әр гектарынан 40 центнерден өнім алынып, барлығы 2880 тоннаны құрады. Ал, Ақжарма диқандары еккен 1120 гектар күріш дақылының әр гектарынан 58,9 центнерден өнім алынып, барлығы 6601,3 тонна астық жиналды. Ақсуат ауылдық округінде егілген 300 гектар күріштің әр гектарынан 42 центнерден өнім алып, барлығы 1260 тонна болды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: