Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Орманды даланың «өртін» сөндірді

Жаңақорған ауданында орманды даланың өртін өшіру бойынша өрт-тактикалық оқуы өтті.

Орманды даланың «өртін» сөндірді

 

Оқудың түпкі ойы бойынша жалпы аумағы 6 гектар болатын қураған далада жану болды. Қызылорда облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ №10 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері өрт сөндіру бойынша алғашқы әрекеттерін жүргізеді, ОҚО ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ өрт бөлімшелерімен кездесу ұйымдастырады, өртті шектеу мен жоюға арналған күштер мен жабдықтарды дайындайды. Оқу барысында орманды даланың өртін жоюға арналған барлық ұйымдастырушылық және практикалық іс-шаралар іске асты. Оқуда Т-150 трактор соқасымен, МТЗ -80 су тасушы, АЦ-5 (8-40), Урал -5557-10, АЦL-15-40 техникасы жұмыс жасады.
Отты сөндірудің практикалық көрсетілуінен кейін, Қызылорда облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ бастығының орынбасары өртке қарсы қызмет подполковнигі Ғани Үмбетов оқудың қорытындысы бойынша оларға жақсы баға берді. Орманды даланың өрті ұзақ мерзімде жеке құрамның көптеген адам санымен және өрт пен ауылшаруашылық техникасымен сөндірілетінін ерекше айтып өтті.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: