Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада өрт салдарынан қорадағы 16 қой мен 2 жылқы жанып кетті

Қызылорда облысында мал қораның өртенуі салдарынан 16 қой мен 2 жылқы жанып кетті.


Оқиға бүгін, 10 қыркүйекте Жаңақорған кентіндегі А.Асанов көшесі бойындағы тұрғын үйдің мал қорасында болған. Бұл жөнінде хабарлама сағат 2.18-де төтенше жағдайлар қызметіне түскен.
«Хабарлама бойынша №14 өрт сөндіру бөлімінен 1 техника мен 4 қызметкер оқиға орнына барды. Анықталғаны, аумағы 10/20 шаршы метрді құрайтын мал қораның төбе жабыны толық жанған. Оған қоса ашық алаңда жиналған 100 пресс шөп отқа оранған. Мал қора ішінен 2 жылқы мен 16 қойдың жанып кеткен күйінде табылған», - деді Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.
Ведомство мәліметінше, өрт 3.15е толықтай сөндірілді.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада көп қабатты үйде болған өрттен 12 адам құтқарылды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: