Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІ КЕШЕНДІ АТЕСТАТТАУ БОЙЫНША ЖИЫН ӨТТІ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІ КЕШЕНДІ АТЕСТАТТАУ БОЙЫНША ЖИЫН ӨТТІАрал ауданында мемлекеттік қызметшілерді кешенді аттестаттау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын насихаттау және оны жан-жақты жеткізу мақсатында құзырлы мамандар арнайы келді.
Олардың қатарында облыстық мәслихатының хатшысы Н.Байқадамов, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Е.Қарымсақов, осы департаменттің Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Р.Тәуекелов және Мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы Ә.Жөлекешов бар.
Аудан әкімдігінің мәжіліс залында өткен жиынға аудандық бөлім басшылары, барлық тиісті бөлім және мекемеге қарасты мемлекеттік қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты. 
Арнайы басқосқан жиында жетекшілік еткен аталмыш департамент басшысының орынбасары Е.Қарымсақов «Б» корпусындағы мемлекеттік қызметшілердің атқарып отырған лауазымдарына сәйкестігін, құзыреттілігі мен білім деңгейін анықтау бойынша 2017 жылдың бірінші жарты жылдығында «Б» корпусы мемлекеттік қызметшілерін кешенді аттестаттау жоспарланып отырғандығын хабардар етті. Бұл бастама Елбасының бес институционалдық реформасында ең бірінші тұрған бағыт – мемлекеттік қызметті жаңа деңгейге көтеру, яғни «Кәсіби мемлекеттік аппарат құру» мәселесінде қарастырылған болатын.
Осыған орай, жиын барысында ең алдымен Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселесі жайында Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы Н.Байқадамов мазмұнды баяндама жасап өтті. Одан әрі мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру шаралары, кешенді атестаттау барысы, яғни, атестаттау кезеңдерін өткізу мерзімдері толыққанды баяндалды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: