Қазалылық кәсіпкер егін егуге арналған құрылғылар сатып алды
Қазалы ауданында тұратын Нұрлыбек Нұрқожаев егін егуді таңдапты. Ол Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының Қызылорда филиалынан 2 млн 800 мың теңге несие рәсімдеп, егін егуге арналған құрылғылар сатып алды.
Егін егіп, өнімінен табыс табуды жоспарлаған кәсіпкеріміз, осы салада кәсібін кеңейтуді көздейді және Қордан тағы үлкен суммада несие алуды жоспарлайды. Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорына алғысын жолдайды.
Айта кетейік, «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры кәсіппен айналысамын дегендерге 5 жылға 6 процентпен 6 млн теңгеге дейін несие береді. Бір жылға дейінгі жеңілдік мерзімі тағы бар.