Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

«Ақбұлақ» бағдарламасымен екі ауылға ауыз су тартылды

«Ақбұлақ» бағдарламасымен екі ауылға ауыз су тартылдыҚызылорда облысына «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша 2014 жылы барлық қаржы көздерінен 8 млрд. теңге бөлінді. Жыл басынан бері 200 шақырымнан астам ауыз су жүйелері жаңғыртылып, 3 нысан пайдалануға берілген болатын. Тәуелсіздік күні қарсаңында Тереңөзек кентіне қарасты Мәлібаев ауылы мен Жалағаш ауданы Бұқарбай батыр елді мекені таза ауыз суға қосылды. Салтанатты шараға облыс әкімі Қ.Көшербаев қатысты.
Сырдария ауданындағы Мәлібаев ауылы өткен жылы Тереңөзек кентіне қосылған. 1500 тұрғыны ауылдағылар ауыз суды осыған дейін тасып ішті. «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша барлық үйге су құбырлары тартылды. 
Жалағаш ауданы Бұқарбай батыр ауылы да Тәуелсіздік күні қарсаңында таза ауыз суға қосылып отыр. 
Жыл аяғына дейін бағдарлама аясында облыста 7 жобаның құрылысын аяқтап, пайдалануға беру жоспарланып отыр. нәтижесінде 50 шақырым ауыз су жүйелері жаңғыртылып, 961 дана су есептегіштері орнатылатын болады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: