Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Белгілі теолог Жалағаш жастарымен кездесті


2 қазан күні республикаға белгілі теолог Убаев Батырбек Жалағаш кентіндегі мектеп бітіруші түлектермен және Жалағаш индустриалдық аграрлық колледжінің жатақханасында жастармен кездесті.
Бұл шара Жалағаш аудандық ішкі саясат бөлімінің тапсырысы бойынша «Сыр аланы» қоғамдық қорының жүзеге асыруындағы «Жалағаш ауданы көлемінде діни экстремизмнің алдын алу бағытындағы шаралар» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында қолға алынды.
Кездесу мақсаты – жастарды деструктивті ағымдардан қоғау, діни экстремизмнің алдын алу. Діни білімді заңды тіркелген арнайы орындардан ғана алу керектігі, интернетке жүгінбеген абзал екендігі айтылды. Кездесу соңында жастар өз сұрақтарын қойып тұшымды жауаптар алды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: