Қазалыда кәсіпкерлік қызметті дамыту мәселесі талқыланды
Қазалы қаласында қала кәсіпкерлерімен кездесу өтті. Оған "Даму" Кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ Қызылорда облысы филиалының менеджері Анар Қожаниязова, Қызылорда облысының Кәсіпкерлер Палатасының Қазалы ауданындағы филиалының директоры Ермек Аймаханов, Қазалы аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіпжәне туризм бөлімінің бас маманы ТұрарАлмасұлы, Қазалы қаласы әкімінің орынбасары Ықылас Уәлиханның қатысты.
Кездесу жиынында Моноқалаларды дамытудың бағдарламасы туралы кеңінен түсіндіріліп, насихатталды. Сұрақ-жауаптар алынып, ұсыныс-пікірлер тыңдалды. Кездесу нәтижесімен Филиал тарапынан Моноқаланы дамыту бағдарламасы шеңберінде Қазалықаласының кәсіпкерлік қызметінің дамуына іс-шаралар жоспары әзірленіп, тиісті жұмыстар жүргізу жоспарланды.