Аралдағы мәдениет орталығының қызметкерлері «Ұмай» балаларды сауықтыру және тәрбиелеу қайырымдылық үйінде болып жаңа жылдық концерттік бағдарламасын ұсынд, деп хабарлайды Сейхун-инфо аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап..
Кеш барысында балалар көтеріңкі көніл күйге бөленді. Әсіресе, қапшық толы сыйымен келген Аяз ата мен Қаршақыз өнерлі балаларға түрлі сый-сияпат көрсетті. Өнерлі ұжым балаларға арнап ән салып, би билеп қана қоймай қызықты ойындар ойнатып көңілдерін көтерді. Ал, мәдениет орталығының директоры М. Нұрмағамбетова, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Ғ.Тоғысова, «Ұмай» балаларды сауықтыру және тәрбиелеу қайырымдылық үйінің басшысы Л.Жүгінісова сондай- ақ аудандағы бірқатар кәсіпкерлер балаларға жаңа жылдық тілектерін жеткізіп сыйлықтар табыстады.
Қай кезде де «Ұмай» балаларды сауықтыру және тәрбиелеу қайырымдылық үйін назардан тыс қалдырмай, балаларға мерекелік көңіл – күй сыйлауды дәстүрге айналдырған Мәдениет орталығы қызметкерлеріне аталған қайырымдылық үйінің тәрбиешілері мен тәрбиеленуші балалар алғыстарын білдірді.