Шиелі ауданына қарасты Тартоғай ауылының тұрғыны Ділдабаев Сәкен мал шаруашылығын дамытуға бет бұрды.
Бұл мақсатта Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының Қызылорда филиалына жүгінді. Нәтижесінде "Мал шаруашылығын дамыту" бағдарламасы мал басын көбейту мақсатында жасы 19-36 ай аралығындағы 49 бас асыл тұқымды емес аналық уақ мал алды.
Жасы 24 айдан жоғары 2 бас асыл тұқымды емес өндіруші қошқарлар сатып алу мақсатында несиеге қол жеткізіп, ауыл шаруашылығын дамытуға үлкен үлесін қосуда.