Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ШАХМАТТАН ОБЛЫС БІРІНШІЛІГІ ӨТТІ

ШАХМАТТАН ОБЛЫС БІРІНШІЛІГІ ӨТТІҮстіміздегі жылдың 15-19 қаңтары аралығында Қызылорда қаласында шахматтан ерлер арасында облыс біріншілігі өтті. Оған Қызылорда қаласы мен аудандардан келген 6 команданың құрамында 40 қа жуық ойыншы бақ сынады. 
Ойын швейцар жүйесі бойынша 7 турда өткізілді. Жарыс қорытындысы бойынша қызылордалықтардың мерейі үстем болды. Атап айтсақ, 6,5 ұпаймен Әділет Ерсерік жеңімпаз атанды. 6 ұпаймен екінші орынды Әсел Серікбай иеленсе, 5,5 ұпаймен аралдықМейіржан Бармағамбетов қола жүлдені қанағат тұтты. 
Үш спортшы да үстіміздегі жылдың 4-15 ақпан аралығында Павлодар қаласында ерлер арасында болатын Қазақстан Республикасының чемпионатына жолдама алды. 
Айта кетейік, жарысқа қатысушылардың арасында ең жасы үлкен шахматшы - 78 жастағы сырдариялық Тұрғанбай Болғанбаев болса, ең жасы кіші шахматшы - 11 жастағы қызылордалық Сұлтан Аманжол болды. Сондай-ақ, екі спортшы да жарыстың «Үздік ойыншы» номинациясынаие болды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: