Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ЖОЛ-КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ САЛАСЫНДА ЖАҢА ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСТЫ

ЖОЛ-КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ САЛАСЫНДА ЖАҢА ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСТЫ

 

Жол-көлік инфрақұрылымы саласында жаңа жобалар жүзеге асырылды. 
Бұл жөнінде Қызылорда қаласының әкімі Н. Нәлібаев қала тұрғындары алдындағы есепті кездесуінде хабарлады.
Республикалық, жергілікті бюджеттерден бөлінген 1 млрд. 752 млн. теңгеге ұзындығы 53 шақырымды құрайтын 87 көшеге қайта жаңғырту, күрделі және орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Шет аймақтың көшелері ешқашан назарымыздан тыс қалған емес. Өткен жылы Торайғыров көшесіне 1 млрд 142 млн. теңге бөлініп, қайта жаңғыртылды. Ұзындығы 5 шақырымды құрайтын көшеге қазіргі заман талаптарына сәйкес, кеңейтілген жаяу жүргінші жолдары, соңғы үлгідегі аялдамалар, жарық бағаналары орнатылды. 
Соңғы 3 жыл ішінде қаламызда 13 млрд теңгеден астам қаржыға ұзындығы 300 шақырымға жуық жолдар орташа, күрделі және қайта жаңғыртудан өтті. 1 млрд. 356 млн теңгеге 76 шақырымды құрайтын 40 көшеге жаяу жүргіншілер жолдары салынды. Сонымен қатар, 759 млн. 800 мың теңгеге 72 көпқабатты тұрғын юүйлердің аулаішілік жолдары мен автотұрақтары жөнделді. 1 млрд. теңгеден астам қаржыға ұзындығы 105 шақырымды құрайтын 70 көше жарықтандырылып, 126 млн. теңгеге жаңа үлгідегі аялдамалар орнатылды.
Қазір Қызылорданы «қауіпсіз қалаға айналдыруда» кешенді шаралар қабылдануда. Қалалық бюджеттен бөлінген 500 млн. теңгеге қала көшелеріне евростандарттарға сай, энергия үнемдейтін жаңа үлгідегі бағдаршамдар орнатылды. Былтыр қала көшелерінің күре тамырларының бірі – Абай даңғылы бойынан («Болашақ» университетінің маңы), Қазыбек би көшесінен («Жайна» сауда үйінің алды) жаяу жүргіншілерге арналған 2 аспалы көпір құрылысы салынып, ел игілігіне берілді.

ЖОЛ-КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ САЛАСЫНДА ЖАҢА ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСТЫ

 

ЖОЛ-КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ САЛАСЫНДА ЖАҢА ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСТЫ

 

ЖОЛ-КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ САЛАСЫНДА ЖАҢА ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСТЫ


ЖОЛ-КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ САЛАСЫНДА ЖАҢА ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСТЫ

 


 


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: