Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ЖАҢАҚОРҒАНДА ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ЖАҢАҚОРҒАНДА ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫЖаңақорған аудандық әлеуметтік бағдарламалар және азаматтардың хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы тағайындалды. Бұл қызметке Абдіғанит Ахметов тағайындалды.
– Осы саланы 8 жылдай Молдахмет Ауанов басқарды. Оның бөлімге сіңірген еңбегі зор. Енді Абдіғанит Ахметовқа Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясатын жергілікті жерде сапалы жүзеге асыру міндеті тұр. Мемлекет басшысы айқындаған мұрат-мақсатты шындыққа айналдыруда А.Ахметовтың қабілет-қарымы, білім-білігі жетеді деп ойлаймын. Жалпы, адам шыр етіп дүниеге кел геннен, бақилық болғанға дейін осы бөлім жұмысымен тығыз байланысты. Сондықтан сіздердің жұмыстарыңыз билік пен бұқараның арасындағы алтын көпір деуге болады. Ең біріншіден, нарық жағдайында жұмыс берушілер мен жұмыссыздардың болжамын жасап, еңбек нарығын қалыптастыруға мән беру керек. Екіншіден, мүмкіндігі шектеулі жандардың жұмыс жасауына жағдай жасалуы тиіс. Үшіншіден, еңбек және жалақы тұрақтылығына талдау (анализ) жасап отыру қажет. Яғни, сала мамандары мемлекеттік қызмет этикасын сақтап, берілген тапсырмаларды оперативті әрі объективті атқарып, келушілерге кішіпейілділік көрсетіп, артық құжатты сұрамай қызмет көрсету керек-ақ. Абдіғанит Садықұлы осы жұмыстарды тиімді үйлестіріп, сенімге селкеу түсірмей, табысты еңбек етуіңізге тілектеспін! – деді аудан басшысы Руслан Рүстемов.
Жаңадан тағайындалған басшы сенімді ақтау үшін аянбай еңбек етіп, Мемлекет басшысының алға қойған мақсат-мұраттарын жергілікті жерде сапалы атқаруға атсалысатынын айтты.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: