Facebook VK WhatsApp Instagram

Қоғам

0

"ЖАСА ҚАЗАҚСТАНЫМ" АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ

 "ЖАСА ҚАЗАҚСТАНЫМ" АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІӘ.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ел тарихындағы маңызды мерекелердің бірі Тәуелсіздік күніне орай қаладағы «Жібек жолы» сауда  ойын-сауық орталығында қала тұрғындарымен және кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Жаса, Қазақстаным!» атты акция өтті.
Акцияның мақсаты – өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, ұлттық сана-сезімін ояту, жастарды кітап оқуға шақыру. Акция аясында түрлі қызықты шаралар ұйымдастырылды. «Тәуелсіздік – биік сенің айбының» поэзия сағатында кітапхана оқырмандары Туған жер, Отан, Қазақстан туралы өлеңдер оқыды. Акцияға қатысушы қала тұрғындарына мерекелік кітапшалар таратылды. Кітапшаның бір бетіне кітапхананың мекен-жайы, мерекелік құттықтау жазыласа, екінші бетіне патриоттық тақырыпта жазылған өлеңдер жазылды. Әрбір қатысушы кітапшада жазылған өлеңді сол жерде оқып, белсенділік танытты. Сондай-ақ алаңға жиналғандар «Қазақстан», «Тәуелсіздік» атты кроссвордты шешуге катысты. Ал балалар арасында «Менің Отаным - Қазақстан» әдеби викторина өткізілді. 
Көркем әдебиетті сүйіп оқитын қауым үшін «Асығыңыз! Жүктеп ал және оқы» мобильді кітапханасы ұйымдастырылды. Виртуалды көрме жанында смартфонды немесе планшетті пайдаланушы QR-кодтың көмегімен виртуалды сөреден интернет немесе Wi-Fi  арқылы өзіне қажетті электронды кітаптарды тегін жүктеп, оқуға мүмкіндік алды. 
Тәуелсіз Қазақстанның бел-белестері, бүгінгі жетістіктері және жарқын болашағы туралы деректер мен құнды кітаптар қойылған «Тарих. Тағылым. Тәуелсіздік»  кітап көрмесі оқырмандар назарына ұсынылды.
Қала тұрғындары тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деген мақсатта «Шын жүректен» атты тақтаға мерекелік лебіздерін, тілектерін түрлі-түсті стикерлерге жазып қалдырды. Акцияға қатысушыларға Қазақстан, Отан, Тәуелсіздік, туған жер туралы өлеңдер жазылған CD-дискілер таратылды. Қала тұрғындарына мереке күні уақытты барынша ұтымды өткізуге мүмкіндік берілді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: