Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Көлікті куәліксіз жүргізіп, 20 тәулікке қамалды

Көлікті куәліксіз жүргізіп, 20 тәулікке қамалдыҚұқық бұзушы Б.  көлік құралын басқару құқығынан айырылған. Соған қарамастан ол  көлік басқарып, жолда жүру ережесінің талаптарын орындамаған.
Қармақшы ауданындағы Төретам қыстағындағы көше қиылысында жол полициясы инспекторының көлікті тоқтату және өзіне алкогольдік масаң күйін куәландырудан өту туралы заңды талабын орындамаған.
Құқық бұзушы Б.  Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 471-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынып, Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 471-бабының 7-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып,   20  тәулікке әкімшілік қамауға алынып, Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің  63-бабының 2-бөлігіне сәйкес, түпкілікті 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 37040 тенге әкімшілік айыппұл салына отырып, 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: