Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордалық оқушылар халықаралық жарыстарда үздік болды

Облыстағы «Дарын» қосымша білім беру орталығының үздіктері халықаралық деңгейдегі жарыстарда жүлделі орындардан көрінуде. Аталған білім беру орталығында соңғы он жылда 500-ден астам оқушы жеңімпаз атанған. 


-Жылдан жылға пәндік олимпиадалар мен ғылыми жобалардың маңызы артып келеді. Бүгінде оқушыларымыз халықаралық, республикалық дәрежедегі білім додаларында бақ сынауда. Биыл халықаралық «Жібек жолы», «Азия-Тынық мұхиты» олимпиадасында 1 оқушымыз күміс медаль, 7 оқушы қола медаль иегері атанды. Жас өрендерді ғылым жолына бағыттайтын республикалық ғылыми-жобаларда 7 оқушы жүлделі орындарды иеленіп, 3 оқушымыз Қорқыт ата атындағы ҚУ білім грантын ұтып алды. Сонымен қатар облыс әкімдігінің қолдауымен дарынды балаларға арналған «Сыр дарыны» білімділер академиясының жұмысы жандануда. Жалпы білім беру ұйымдарында 8-9 сыныптың 100 оқушысы бірнеше пәндер бойынша оқыту курстарының бірінші кезеңінен өтіп жатыр, - деді «Дарын» қосымша білім беру орталығының директоры Айжан Қиянбекова. 
Айта кетейік, талантты балаларды және жастарды қолдау мақсатында «Ел үміті» бастамасы облыста кеңінен жүргізілуде.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: