Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Ауыл кәсіпкері кондитерлік дүкен ашты

Сырдария ауданы Шіркейлі ауылының тұрғыны Алтынай Әлмаханқызы – ауылға белгілі кәсіпкер. Бірнеше жылдан бері шағын дүкенімен халыққа қызмет көрсетіп келеді. Дүкен жанынан кондитерлік цех ашты. Бүгінде екі адамды жұмыспен қамтып отырған нысан.
– Осыдан үш жыл бұрын «Қызылорда өңірлік инвестициялар орталығы» арқылы 2 млн теңге несие алдым. Соған құрал-жабдықтарымды алып жұмыс бастағанмын. Нан өнімдері, соның ішінде самса, бәліш, тоқаштың түр-түрін дайындаймыз. Халыққа қолайлы бағада сатамыз. Дүкенге қойы­лады әрі тапсырыс та қабыл­даймыз, – дейді Алтынай Әлмаханқызы.
Кәсіпкер болашақта кәсібін кеңейтуді жоспарлаған. Кондитер цехының ауқымын арттырмақшы. Десе де, бұған дейінгі алынған несиесін жауып, тағы да мемлекеттік бағдарламаның игілігін көргісі келеді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: