Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚАРАТЕРЕҢДЕ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖОЛҒА ҚОЙЫЛДЫ

ҚАРАТЕРЕҢДЕ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖОЛҒА ҚОЙЫЛДЫАрал ауданының әкімі А.Мұхимов Қаратерең ауылдық округінде атқарылып жатқан іс-шаралар барысымен танысты.
Онда тарихы сонау 1947 жылдан бастау алатын «Тастақ» балық өсіру питомнигінің жұмыс барысымен танысты. Питомникте уылдырық шайқау процесі жүргізіледі. Сондай-ақ, балықтарды будандастыру арқылы түрлі балық тұқымы өсіріліп, теңізге жіберіледі. Питомник маңындағы шағын көлшікте балықтардың түр-түірін өсіріп жатқан еңбекқор ұжым әрбір балықты зор жауапкершілікпен баптайтынына көз жетті.. 
Одан әрі аудан басшысы Ақлақ тоспасындағы мөлшерлі судың Ақбілек көліне ағып кетпеуі мақсатында істелген қорғанды дамба жұмыстарының нәтижесін көрді. Сонымен қатар, округке қарасты «Қуаныш» балық аулау және өңдеу жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұжымымен жүздесті. Бүгінде бұл серіктестікте Батырхан Прекеев бастаған бір топ жұмысшылар балық аулау және өңдеу жұмыстарын жүргізуде.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: