Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Алдағы жылдан заңсыз аңшылыққа жауапкершілік күшейтіледі

Алдағы жылдан заңсыз аңшылыққа жауапкершілік күшейтіледііҚармақшы ауданы бойынша 2014 жылдың 10 айында заңсыз аңшылық сипатында 5 қылмыстық іс қозғалып, олардың барлығы негізінен қарау үшін аудандық сотқа жолданған.
Облыстық прокуратура баспасөз қызметінің хабарлауынша, көп жағдайда заңсыз киікті атып алған азаматтар қылмыстық ізге түсу органдары қызметкерлерімен ұсталған уақытта олар жауаптылықтан құтылу мақсатында киіктің өлі денесін даладан тауып алдық деп уәжерін келтіруде.
Алайда, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде киікті яғни сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлардың бөліктерін заңсыз сақтап, тасымалдағаны үшін қылмыстық жауаптылық көрсетілген.
Мысалы, Байқоңыр қаласының тұрғындары «Т» және «И» есімді азамат 4 дана ақбөкеннің денелерін көліктеріне салып алып, пайдалануға тиым салынған құрып кету қаупі төнген жануарын етін сақтап, тасымалдаған.
Осыған сәйкес, Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 290-бабымен қылмыстық іс қозғалып, нәтижесінде аудандық сотпен сотты болған. 
Жалпы заңсыз киік атқандарға айыппұл салынып, қылмыстық жазаға тартылады. Бір киік үшін 200 айлық есептік көрсеткіштен 500 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынатын болса, 2 немесе оданда көп киік атқандарға қолданылатын айыппұл мөлшері шарықтай түседі және қылмыскердің мүлкі тәркіленеді.
Сонымен бірге, 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде заңсыз аңшылық сипатындағы жасалған қылмыстар үшін жауапкершілік күшейтілген.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: