Республика көлемінде өтіп жатырған «Құқық тәртібі» жедел профилактикалық іс-шарасы барысында Қызылорда облысы Полиция департаментінің Сырдария ауданы Полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторымен ішкі істер органында тіркеуде жоқ атыс қаруы тәркіленді.
2022 жылдың наурыз айының 18-і күні Сырдария ауданы, Қоғалы көл ауылының тұрғынының мекен жайынын ауласындағы сарай ішінде ішкі істер органында тіркеуде жоқ қос ұңғылы аңшы мылтығын сақтағаны анықталды.
Аталған дерек бойынша құқық бұзушыға Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 482-бабының 1-бөлігімен әкімшілік хаттама рәсімделіп, жинақталған құжаттар аудандық сотқа жолданды.