Үстіміздегі жылдың 17 мамырында сағат 09.00 шамасында Қызылорда-Жезқазған автожолының Қарағанды облысының аумағындағы 240-255 шақырымында көліктердің балшыққа батқаны жөнінде хабарлама келіп түсті. Оған төтенше жағдайлар департаменті саласының мамандары қол ұшын созды.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Оңтүстік өңірлік аэромобилдік жедел құтқару жасағы» ММ авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізді. Балшыққа батқан 11 адам мен 5 жеңіл көлікті жолға шығарып, алып шықты. Оған 4 адам мен 1 техника күші жұмсалды.