Facebook VK WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ ЖӨНІНДЕГІ ҮЗДІК БЕЙНЕРОЛИК АНЫҚТАЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ ЖӨНІНДЕГІ ҮЗДІК БЕЙНЕРОЛИК АНЫҚТАЛДЫ

 

Қала күні мерекесіне орай Қызылорда қалалық ішкі саясат бөлімі мен «Руханиятты қолдау» қоғамдық қорының facebook.соm әлеуметтік желісі арқылы ұйымдастырған «Туған күніңмен, Қызылорда!» атты бейнеролик байқауы 23 қыркүйек күні тоқталылды.
Онда ең көп дауыс жинаған, ең көп лүпіл басылған, ең көп бөлісілген және ең көп көрілген туындылар анықталды. 
Байқау нәтижесінде желі қолданушысы Бағдат Есжановтың күн сайын көркейіп келе жатқан сүйікті қаламыздың әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуын айшықтайтын бейнеролигі ең көп дауыс жинап, (12 мың көрілім, 244 лайк және 712 бөлісілген) жеңімпаз атанды. 
Байқау комиссиясы Оңғар Саймосав пен Михайл Кимнің туындысын екінші орынға лайықты деп бағалады. Оңғар Саймосаевтың «Сыр елінің тарихы» атты бейнеролигі 879 рет көріліп, 40 лүпіл жинаған және 34 рет желі қолданушылары арқылы бөлісілген. Ал, Михайл Кимнің туындысы 669 рет көріліп, 69 лүпіл жинаса, 33 рет бөлісілген. 
Комиссия мүшелері әлеуметтік желінің белсенді қолданушысы Динара Эшатованың байқауға дейін жариялаған өңірдің бүгінгі келбетін айшықтайтын бейнеролигін үшінші орынға лайықты деп таныды. 
Байқауды қорытындылау барысында келесі талаптар ескерілді:
- тақырыптың ашылуы мен мазмұны;
- бейнеролик әсерлілігі;
- идея ерекшелігі;
- үйлесімділік.
Жеңімпаздардың барлығы 2016 жылғы 24 қыркүйекте сағат 18:00-де Орталық алаңда өтетін «Домбыра-Думан» шарасында қала әкімдігінің арнайы Алғыс хаты және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: