Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

АУДАНДЫҚ СОТ ЕЛІМІЗДЕ ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНАН КӨРІНДІ

АУДАНДЫҚ СОТ ЕЛІМІЗДЕ ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНАН КӨРІНДІҚазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында 2015 жылдың қорытындысы бойынша облыстық, аудандық және оған теңестірілген соттардың жұмысын үздік ұйымдастыру бойынша республикалық байқау-конкурстың жеңімпаздары анықталды.
Қызылорда облысының соттары ішінен барлық талаптар бойынша үздік деп танылып, республикалық конкурсқа қатысқан Арал аудандық соты республика бойынша жүлделі үшінші орынды жеңіп алды.
Соттар қызметін ұйымдастырудың деңгейі мен сот төрелігін жүзеге асыру сапасын арттыру, электрондық сот ісін жүргізуді енгізу, төрешілдікті жою, жұртшылықпен байланысты нығайту, республика соттарының оң тәжірибесін анықтау және оны тарату конкурстың басты мақсат-міндеті болып табылады.
Соттардың қызметі келесі критерийлер бойынша бағаланды: сот ғимаратының жағдайы және безендірілуі, талдамалық жұмысты жоспарлау және жүргізу, істерді уақытылы және сапалы қарауды қамтамасыз ету, сот процестерін ұйымдастыру, сот ісін жүргізуде заманауи технологияларды қолдану, сот ақпаратына қолжетімділік.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: