ҚР Президентінің Жарлығымен 1 наурыз Алғыс айту күні деп бекітілді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 20 қаңтардағы №3827 Жарлығына өзгеріс пен толықтыру енгізді.
Жарлықтың мәтініне сәйкес, Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де мерекелер тізімі екі жаңа мерекемен толықты: Алғыс айту күні – 1 наурыз және Геологтар күні – сәуірдің алғашқы жексенбісі.
Жарлықтың мәтінімен толық оқып шығу үшін мына сілтемеге басыңыз.