Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

САЛЫҚТЫ МЕРЗІМДІ ТӨЛЕУДІ ҰМЫТПАҢЫЗ!


Қала аумағында жеке сот орындаушылары автокөлік салығы төленбеген автокөлік иелерінің мекен-жайы бойынша қамау жұмыстарын жүргізуде.
Көлік салығын төлеуді автоматтандырылған қызмет арқылы онлайн ресiмдеуге де болады: https://egov.kz/cms/kk/services/epay024_nal

КӨЛІК САЛЫҒЫНАН КІМДЕР БОСАТЫЛАДЫ:

- Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оған теңестірілген тұлғалар;
- Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы адал еңбегі және кіршіксіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР одағының медальдары мен ордендерімен марапатталған тұлғалар;
- сондай-ақ 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамырына дейін алты айдан кем емес жұмыс істеген (әскерде болған) және Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тылдағы адал еңбегі мен кіршіксіз әскери қызметі үшін ордендермен және медальдармен марапатталмаған тұлғалар;
- мүмкіндігі шектеулі жандар;
- Кеңес Одағының батырлары;
- Социалистік Еңбек ері;
- "Халық қаhарманы";
- "Қазақстанның Еңбек Ері" атақтары берілген адамдар;
- Үш дәрежелі Даңқ орденімен және "Отан" орденімен марапатталғандар;
- көп балалы аналар, "Батыр ана" атағын алғандар, "Алтын алқа", "Күмiс алқа" алқаларымен марапатталғандар;
- ауыл шаруашылық құрылымынан шығу нәтижесінде пай ретінде алынған пайдаланған мерзімі жеті жылдан асқан жүк таситын автокөліктер.

КӨЛІККЕ САЛЫНАТЫН САЛЫҚ БОЙЫНША ЖЕҢІЛДІККЕ ИЕ ТҰЛҒАЛАР ТЕК БІР КӨЛІК БОЙЫНША ҒАНА (2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін уәкілетті мемлекеттік органда тіркеу әрекеттері жүргізілген, қозғалтқышының көлемі 4000 текше сантиметрден жоғары жеңіл автомобильден басқа) САЛЫҚ ТӨЛЕУШІ БОЛЫП ТАБЫЛМАЙДЫ.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: