Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ҚАБЫЛДАУ ЖАСАДЫ


"Нұр Отан" партиясы Қызылорда қалалық филиалының мәжіліс залында Қала әкімінің орынбасары Сәрменбаев Берік Әбдіғаппарұлы қала тұрғындарын жеке мәселелерімен қабылдады.
Қабылдауға 34 адам тіркеліп 27 адам келді. Қабылдау барысында тұрғын үй кезегі, жолға асфальт төсеу, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық мәселелері көтерілді. Осындай тұрғындардың бірі 1 топ көз мүгедегі Ақмешіт м/а №2/101 үй тұрғыны Аяғанов Кенішбай орталық кәріз жүйесінің ескіргенін айтып өтініш білдірді. Берік Әбдіғаппарұлы аталған мәселе бойынша мәселе шешімін тапқанын бюджеттен ақша бөлініп алдағы уақытта жұмыс жүргізілетіндігін жеткізіп, қабылдауға келген барлық тұрғындардың өтініштері назарда болатындығын жеткізді
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: