Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Гүлшара Әбдіқалықова: «Қызылорда облысынан германияға 685 тонна қамыс экспортталды»

Қызылорда облысында шет елге қамысты экспорттау басталған. Алғаш рет Германияға 685 тонна қамыс жөнелтілген. Аймақта ауыл шаруашылығы өнімдерін сыртқа жөнелту көлемі 9 пайызға өскен. Яғни, өңірде пандемияға қарамастан экспорт көлемі төмендемеген. Бұл туралы облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова халық алдындағы алғашқы есебінде баяндады.
- Біз әлемнің 17 еліне ауыл шаруашылығы өнімдерінің 11 түрі экспорттадық. Өткен жылы күрішшілеріміз гектарына61,8 центнерден өнім алып, 550 мың тоннадан астам күріш жинап, жоғары көрсеткішке қол жеткіздік. Сондай-ақ, балық шаруашылығын дамытудың2030 жылға дейінгі өңірлік бағдарламасын әзірледік. Оған шамамен алдағы жылдарда кезең-кезеңімен 29 млрд. теңге бағытталатын болады,-деді Гүлшара Әбдіқалықова.
Өңірде 2030 жылға дейін 55 көл-тауарлы балық өсіру шаруашылығы, 12 тоған және 16 тор шаруашылығы құрылып, 3 жабық сумен жабдықтау құрылғысы салынатын болады.



Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: