Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Мемлекет болашағы – қазақ тілінде

Светлана КРЮГЕР, Неміс этномәдени бірлестігінің белсендісі, Аналар кеңесінің хатшысы, ІІ дәрежелі "Достық" орденінің иегері:
Соңғы кезде елімізде мемлекеттік тіл мәселесі өзекті тақырыптардың біріне айналды. Күні кеше ғана  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында біздің ең басты құндылығымыз және байлығымыз – қазақ тілі деп атап өтті. Тәуелсіз еліміздің ертеңі – қазақ тілінде екенін назарға салып, «Мемлекеттік тілді білу – Қазақстанның әрбір азаматының парызы» дей келе болашағын Отанымызбен байланыстыратын әрбір азамат қазақ тілін үйренуге ден қоюға тиіс екендігін алға тартты.
  Президент Жолдауында айтылған осындай мағыналы ойлар жастарды ғылым-білім, тіл үйренуге шақырып, көкжиегін кеңейтіп, көкірек көзін оятуға жетелейді.
Мысалы мені ешкім қазақ тілін үйрен деп қинаған жоқ. Қазақ тілін өзім үйрендім. Қазақ тілін менің бойыма қазақтың ортасы сінірді. Бүгінгі күні қазақ тілінде еркін сөйлеймін де, сауатты жазамын да, тіпті ойлаймын да. Отанымның мемлекеттік тілін толық меңгергенім мен үшін үлкен бақ! Осы күнге дейін қол жеткізген жетістіктерімнің барлығы мемлекеттік тілді білуімнің оң нәтижесі деп есептеймін! Айтайын дегенім, менің қолымнан келген нәрсе мен сияқты кез-келген қазақстандықтың қолынан келетіні сөзсіз. Менің ойымша, "Қазақ тілін үйренемін" деген адам ұлтына да, жасына да қарамастан мақсатына жете алады, жетеді де. Тіл үйрену үшін елімізде барлық жағдай жасалған. Ең бастысы - ниет болу керек.  Біз, барша қазақстандықтар, мемлекеттік тілді - қазақ тілін білуге міндеттіміз! Сондықтан мен барлық отандастарымды қазақ тілін оқып, үйренуге шақырамын! Мемлекетіміздің болашағы - мемлекеттік тілімізде екенін ұмытпайық!»
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: