Қармақшының екі тұрғынынан аңшы мылтығы тәркіленді
Қармақшы ауданында полиция қызметкерлері Қармақшы ауданы Жосалы кентінің екі тұрғыны аңшы мылтықтарын заңсыз иеленгені анықталды.
Атап айтқанда, бөлімнің ЖПҚб-нің учаскелік полиция инспекторлары қылмыспен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында, Жосалы кенті, Қараөзек өзенінің далалық жерінің аралау барысында Жосалы кентінің «З.Ж.» және «Ш.Х.» есімді екі азаматы 2 ұңғылы 12 калибрлі және 1 ұңғылы 12 калибрлі аңшы мылтықтарын заңсыз алып жүргені анықталып, заттай дәлелдеме ретінде алынды. Аталған аңшы мылтығына сараптама тағайындалып, тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, заңсыз қаруды сақтау, алып жүрумен айналысатын тұлғалар мен ұйымдасқан қылмыстық топтарды анықтау, отты атыс қарумен жасалатын қылмыстардың алдын алу, ескерту және оларды ашу жедел жағдайды тұрақтандыру болып табылады.
Қармақшы ауданының полицейлері азаматтарға атыс қаруы мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтау мен тасымалдау үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.