Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Диетолог артық салмақ қосуға көбірек ықпал ететін өнімді атады

Ирландиялық жетекші диетолог Ева Орсмонд салмақ қосуға ең көп ықпал ететін өнімді атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.


Маманның айтуынша, артық салмақтың күрт өсуін тудыратын бірінші зиянды өнімдер газдалған тәтті сусындар. 
“Қантты сусындардың калориясы өте жоғары. Сондықтан олар артық салмақ қосуда бірінші әсерін береді”,- деді Орсмонд. 
Диетолог әсіресе балалардың мұндай сусындарды көп тұтынатынын айтты. Жиі қабылдау денсаулыққа ерекше қауіп төндіреді. Сонымен қатар маман семіздік ауруының қан қысымының жоғарылауына, қант диабетінің дамуына және ауырсынудың пайда болуына тікелей байланысы бар екенін еске салды. 
Егер дұрыс тамақтануды ұстанатын дене басқа көздерден артық зиянды калорияларды алмаса фастфудты аптасына бір рет жеп тұру қауіпті, зиян болмайтынын ескертті. Дегенмен, маман бұндай өнімдерді жиі тұтынбауға кеңес берді.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: