Бүгін Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі БАҚ өкілдеріне орталықтың негізгі жұмыстарын баяндау мақсатында әрі жылдық қорытынды есебінде арнайы брифинг өткізді.
Басқосу барысында мекеме директоры Гүлнұр Бейбітбекқызы орталық жанынан құрылған сарапшылар «Орда» жоғары колледжінің оқытушысы Айнұр Бекеноваға және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс – офицер, Қорқыт Ата анындағы Қызылорда университетінің «Философия және мәдениеттану» кафедрасының оқытушысы Әлібек Жаппасбаевқа ұжым атынан алғыс айтып, облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы А.Есмахановтың арнайы марапатын табыстады.