Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қазалыда жаңа медициналық бекет ашылды

Бүгін аудан орталығына шалғай орналасқан Жұбан елді мекенінде жаңа медициналық бекет ашылды.
Салтанатты шарада аудан әкімі Мұхтар Оразбаев, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Талайлы Бөріқұлақов құттықтау сөз сөйлеп, тұрғындардың қуанышымен бөлісті. 
Ал, Абай ауылының тұрғыны, ардагер ұстаз Алпамыс Түрікпенәлі Сарыкөл ауылдық округіне қарасты елді мекенде жаңа медициналық бекет ашқан аудан басшыларына алғысын айтып, ризашылығын білдірді.
Жаңадан салынған нысан алдына аудан әкімі Мұхтар Оразбаев, аудандық мәслихат хатшысы Бақытжан Жарылқап, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Талайлы Бөріқұлақов, облыстық мәслихат депутаты Ібайдулла Тілеп, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Нұрғиса Жалғасбаев, аудандық мәслихат депутаты Ғазиз Әліш жергілікті тұрғындармен бірге көшеттер отырғызып, игі тілектерін жеткізді.
Айта кетейік, елді мекендегі медициналық бекет сәуір айында Қазалы ауданында ашылып отырған екінші нысан. Бұған дейін дәл осындай медициналық бекет Ақжона ауылдық округіне қарасты Жалпақ елді мекенінде ашылған болатын.
Жаңа медициналық бекет Жұбан ауылында тұратын 8 отбасы мен жақын маңдағы Сағыр, Қазанғап сияқты елді мекендердің 200-ге жуық тұрғындарына дәрігерлік көмек көрсететін болады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: